• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2011

Сіз не дейсіз?

377 рет
көрсетілді

Жұмысшы мамандары қат Ірі өндіріс ошақтары шо­ғырланған Теміртаудағы кәсіпорындар жұмыс қолы­на аса зәру. Зейнеткерлікке шығушылардың орнын то­лық­тырушылар аз. Жақын­да өткен бос орындар жәр­меңкесіне 16 ғана жұмыс іздеуші келді. Осы жайға байланысты «Егемен Қазақстанның» Қарағанды облысындағы тілшісі Айқын Несіпбай «Қазақмехмонтаж 2» ЖШС кадрлар бөлімінің бастығы Елена Калиновскихке:  – Сіз не дейсіз? – Иә, біз аталған жәр­мең­кеге үлкен үміт артқан едік. Мәселен, кәсіпорнымызға бү­гінгі күнде 80 монтажшы, 40 электрмен дәнекерлеуші, 20 слесарь құрастырушы керек. Алдын ала жарнамалар, ха­бар­ландырулар арқылы құ­лақ­танған жұрттың жұ­мыс­сыз жүргендері еңбекке тар­тылуға тілек етіп келер дер ойлағанбыз. Өкінішке қарай, олай болмады. 6 адам ғана өті­ніш білдіріп келді. «Ар­нау­лыөнеркәсіпқұрылыс», «Аван­гардқұрылыс», «Бетон­құ­ры­лыс» сияқты» кәсіп­орын­дар­дың өкілдері тіптен еш­кімді қабылдай алмай, бос қайтты. Қаладағы қай өндіріске де, құрылыс ұйымына да жұ­мысшылар тапшылығы мәсе­лесі қиындық келтіріп отыр. Әсіресе, жастар жағының жо­ғарыда аталған кәсіптерді мең­геруге құштарсыздығы алаңдатады. Шындығын айт­қан­да, қай-қайсысына бұған жол ашық. 13 және 24 кәсіп­тік лицейлерде қалаулы ма­ман­дық бойынша тегін оқуға болады. Мұның үстіне 12 мың 188 теңге шәкіртақы тө­ле­неді. Бірақ соған қарамас­тан өндірісте еңбек етуге ұм­тылушылар өте аз. Сондық­тан көп ретте ауыл жастары есебінен тартылып келеді. Алайда бұлай бола берсе егін егетін, мал бағатындар азаяды. Осы жайға байланысты қа­лалық мектептерде оқу­шы­ларға кәсіптік бағдар беру тәр­биесін мықтап қолға алу керектігі уақыт ұсынып отыр­ған талап. Жұмысшы мамандығы беделі көтерілуі, оны қалау­шы­ларға қолдау жасалуы қа­жет. Жалпы, бұл бағытта мем­лекеттік деңгейде тиісті бағдарлама белгіленсе артық та болмас еді. Қазіргі заман талаптарына сай білікті, шебер жұмысшыларды көптеп даярлау өркендеулі өндіріске қор көмек. Қарағанды облысы.