Парламентшілердің G7/20 конференциясына 40-тан астам елдің депутаттары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері және сарапшылары қатысты. Форум Көші-қон мен гендерлік теңдік мәселесіне арналды. Конференция барысында Г.Исимбаева «Көші-қон, қауіпсіздік» атты тақырыпта сөз сөйледі. Ол өз сөзінде әлемдегі көші-қон саясатын жетілдіру, босқын әйелдер мен балалардың құқығын заңнамамен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Парламентші шараға қатысушыларды Қазақстандағы конституциялық реформалар мен олардың елдегі демократияны нығайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарынан хабардар етті. Сонымен қатар, Г.Исимбаева Италия Парламенті Депутаттар палатасының Вице-спикері Р.Джакеттимен және «Италия-Қазақстан» достық тобының мүшелерімен жүздесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы өзара қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Мәжіліс Төрағасының орынбасары парламентаралық байланыстарды дамытудың маңызына, заң шығару ісінде тәжірибе алмасу мәселесіне және өзара ынтымақтастық топтарының қызметін белсенді ете түсу жолдарына тоқталды. Р.Джакетти өз кезегінде Қазақстан мен Италия арасындағы екіжақты қатынастардың стратегиялық серіктестік пен конструктивті үндесу жолымен өркендей беретініне сенім білдірді. Италиялық парламентшілер Қазақстандағы конституциялық реформалар жайында біле түсуге мүдделілік танытты. Мәжіліс Төрағасының орынбасары президенттік басқару формасын сақтай отырып, билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлудің негізгі мәселелері жайында толық мағлұмат берді. Жүздесу соңында Г.Исимбаева италиялық әріптестерін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне шақырды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Азия парламентшілерінің халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі форумы (ХҚДАПФ) Атқарушы комитетінің 82-ші отырысына қатысты, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Әлем
•
10 Мамыр, 2017
Халықаралық конференцияға қатысты
207 рет
көрсетілді
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Италияның Рим қаласында парламентшілердің «G7/20-Рим 2017» халықаралық конференциясына және Азия парламентшілерінің халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі форумы (ХҚДАПФ) Атқарушы комитетінің 82-ші отырысына қатысты.