• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Мамыр, 2017

Жүктелген міндеттер жүйелі реттеледі

299 рет
көрсетілді

Алматыдағы Достық үйін­де «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассам­блеясының XXV сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асырудағы этномәдени бір­лес­тіктердің атқаратын мі­н­дет­тері» тақы­рыбында отырыс өтті. Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Дар­хан Мыңбай, ҚХА Төрағасының орынбасары Абилфас Хамедов, ҚХА Кеңесінің мүше­лері, республикалық және қалалық этно­мәдени бірле­стіктердің басшылары, жастар ұйым­дарының өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарап­шы­лық кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, ҚХА құрылымдарының жетекшілері қатысты.

Жуырда ғана елорда төрінде Елбасының төрағалы­ғы­мен өткен Қазақстан халқы Ассамблея­сының XXV сессиясында елдің саяси-экономикалық, мәде­ни-рухани өмірінде Ассамблеяның алатын орны ауқым­ды екені кеңінен айтылды. Елбасы өз сөзінде: «Бірінші. Туған жер жобасы Ассамблея үшін зор мүмкіндіктерге жол ашып береді. Екінші. «Қазақ­стан­ның 100 жаңа есімі» жобасына Ассамблея тікелей қатысып, басы-қасында жүруі керек. Біздің қаншама замандастарымыз, қаншама Ассамблея белсенділері ел игілігі үшін риясыз қызмет етіп жүр. Ұлтына, қай өңірден екеніне, жынысына қарамастан, біз олардың барлығын елге таныта білуіміз керек», – деген болатын. Бүгінгі басқосудың негізгі мақсаты – сонда айтылған ойлар мен жүктелген міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асырудың жолдарын іздеуге арналды. – Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясына зор сенім артып келеді. Сол сенімнің межесінен шығу үшін ел игілігі жолында адал қызмет атқарып, тәуел­сіз Отанымыздың гүлденуіне бәріміз қалтқысыз қыз­мет етуіміз қажет. Тұрақтылық пен даму, татулық пен достық – бәрімізге ортақ қастерлі құндылықтар. Пре­зи­дентіміз Ассамблеяның әлеуетін арттыруда қала­лар мен облыстар басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, бірнеше маңызды жобаны бірлесе іске асыруды тапсырды. 2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының көп функциялы мультимедиалық порталын ашуды, «Қазақстан халқы» интерактивті тарихи картасын жасауды қолға алу керектігін айтты. Кәсіпкерлер мен бизнес, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерін «Туған жер» жобасына қатысуға және өз ауылдастарын қолдау мақсатында күш жұмылдыруға шақырды. Әрбір Ассамблея мүшесінің көкейінде жүрген арман-тілектің тамырын тап басты. Сондықтан, алға қойған мақсат-міндеттерді, Елбасының тапсырмаларын орындауда табандылық таныта білейік. Сондай-ақ, жаңа орынбасарлар тағайындалып, оларға зор жауапкершілік жүктелді. Сол сенім жүгін талмай көтерейік, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай. 

Шара барысында ҚХА-ға қарасты этномәдени бірлестіктердің басшылары да сөз алып, алдағы уақытта атқарылатын шаруалардың жоспарын ортаға салды. «Татулық пен бірлік біздің басты ұраны­мыз», деген Ассамблея мүшелері ортақ мақ­сат жолында күш біріктіру керектігін айтып, Дос­тық үйінен жоғары көңіл күймен тарасты.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ