• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Мамыр, 2017

Сарбаздар салтанаты

359 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласындағы «Мәңгілік алау» жауын­гер­­лік даңқ мемориалын­да облыс әкімінің орын­ба­ра­сы Жандос Әбішев пен облыстың Қорғаныс істері жөніндегі департа­ме­нті­нің басшысы, полков­ник Ардақ Кукатов қа­тыс­қан әс­кер қатарына ша­қы­ры­лу­­шыларды салта­натты шы­ғарып салу рәсімі өтті.

Отан алдындағы борышын өтеу­ге аттанған сарбаздардың бұл салтанаты Қазақстан Қарулы Күш­терінінің құрылуына 25 жыл то­луына орайластырылды. Іс-ша­ра­ға Жастар саясаты мәселелері жө­ніндегі басқарма мен Қарағанды облысының қорғаныс істері жө­нін­дегі департаменті ұйытқы болды. Ер азамат үшін Отан алдындағы әс­кери борышын өтеу – үлкен абырой әрі мәртебе. Ал өрендерімізді бо­латтай берік, темірдей төзімді етіп тәрбиелеу – әскери өмірдің ен­шісінде. Мұны көздерінде от ой­наған болашақ сарбаздардың жүзінен-ақ аңғаруға болады.  Сонымен, шара Қарағанды гар­низонындағы әскери бөлім­дердің жау­ынгерлері сапқа тұрғызылып, әскерге шақырылушылар Ұлы Отан соғысында шейіт болған ар­дагерлерге тағзым ретінде «Мәң­гілік алау» даңқ меориалы­на гүл дестесін қою рәсімінен бас­талды. Жастардың жігерін жанып, рухын оятуды мақсат еткен ұйымдастырушылар әскерге ша­қырылушыларға лайықты құр­мет­терін көрсетті.  – Биыл Қарулы Күштердің құ­рыл­ғанына 25 жыл толып отыр. Әрине, бұл – әр қазақстандық үшін ай­ту­лы оқиға, зор мақтаныш. Әс­ке­рі айбынды елдің келешегі кемел болатыны да сөзсіз. Осыған орай, Елбасымыз, Қазақстан Қару­лы Күштерінің Жоғарғы Бас қол­ба­с­шысы Нұрсұлтан Назарбаев «XXI ға­сырдағы қазақстандық жауынгер кел­беті – патриотизм, интеллектуалды даму және саламатты өмір дәстүрі болуы шарт» деген болатын. Бүгін біз қалыптасқан дәстүр бой­ынша әскер қатарына жастарды шы­ғарып салып тұрмыз. Әрбір жас аза­мат үшін елін, жерін қорғау – ең қасиетті де киелі міндет, – деді Жандос Әбішев. Отан-Ананың тыныштығын ама­наттаған облыс әкімі орынб­аса­рының тілегін қорғаныс істері жө­ніндегі департаменттің басшысы жалғады. Полковник Ардақ Кукатов ай­т- ­­­қ­андай, еліміздің қорғаныс қа­бі­летін жетілдірудің басты өлшемі – Қарулы Күштерді дене тәрбиесі, интеллектуалы тұрғысында дағ­ды­лы дайындықтан өткен жауынгерлермен қамтамасыз ету.  – Биылғы көктемде облы­сы­мыз­дың 1500 жас азаматы әскер қа­тарына шақырылды. Бүгін сал­танатты түрде Қарағанды обл­ы­с­ы­ның азаматтарын Қарулы Күштер қа­тарына шығарып салуға жиналып отырмыз. Жалпы, осы күні Қар­улы Күштер қатарында 40 жас азамат аттанатын болады, – деді Ардақ Кукатов.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды