Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, желдің күшеюі күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болып, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Атырау, облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.