• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 11 Мамыр, 2017

Қазақстандағы банктердің табысы төмендеп барады

186 рет
көрсетілді

Қазақстанның банк секторындағы табыс деңгейі төмендеп жатыр, тек бір ғана банк жалпы табыстың 42%-ын иеленді, деп хабарлайды ranking.kz. 

2017 жылдың қаңтар-наурыз айында қазақстандық банктердің жиынтық пайдасы 82,4 млрд теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 14,1%-ға төмен. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды. 

Өткен жылдың бірінші тоқсанында ҚР Екінші деңгейлі банктерінің (ЕДБ) ішінде 2 банктің жалпы табысы 48,7%-дан келсе, ал 2017 жылы тек бір банк таза жиынтық пайданың 42,4%-ын құрап отыр.

2017 жылдың бірінші тоқсанында ЕДБ арасында ең көп табысқа Халық банкі ие болды. Оның табысы 34,9 млрд теңгеге жетіп, ҚР ЕДБ жалпы табысының 42,4%-ын құрады. Өткен жылы аталмыш банктің бұл көрсеткіші 15,1 млрд теңгені, яғни ҚР ЕДБ жалпы табысының 15,7%-ын құрап, 2 орынды еншілеген еді.

Биылғы көрсеткіш бойынша 6,9 млрд теңгемен Казком екінші орынға шықты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 78,2%-ға төмен. Казком өткен жылы 31,7 млрд теңгемен көш бастаған болатын.

Үштікті Ситибанк түйіндеп тұр. Оның пайдасы 2016 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 17,8%-ға азайып, 6,6 млрд теңгені құрады.