• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Мамыр, 2017

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыспен қамту қызметі көрсетіледі

319 рет
көрсетілді

Астанадағы бірқатар халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыспен қамту орталықтарының мамандары халықты қабылдап жатыр.  

Сол жерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты барлық ақпаратты алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017жылы 1 шілдеден бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МЭМС) жүйесі енгізіледі. Оған Қазақстанның әрбір азаматы қатысуға міндетті. Осыған орай, Астанадағы Республика даңғылы, Достық пен Сәтбаев көшелерінде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыспен қамту орталықтарының мамандары жұмыс істеп жатыр. Сол жерде Астананың тұрғындары мен қонақтары бос жұмыс орындары, мемлекет тарапынан жұмыссыздарға берілетін көмек, жұмыссыз ретінде тіркелу және тағы басқа ақпаратпен таныса алады», - деліген ресми хабарламада.

Айта кетейік, ағымдағы жылы 1 шілдеден бастап Қазақстандағы барлық жұмыс берушілер жұмысшылар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына арнайы жарнаны аударатын болады. Ол ақшадан мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген медициналық қызметтердің шығыны өтеледі. Ал жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгедектермен бала күтімімен отырған әйелдер үшін арнайы жарна бюджеттен аударылады.