17 мамырда елордада «Жастар» сарайында (Республика даңғ., 34) бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді.
Астана қ. Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, шараға 60-қа жуық жұмыс беруші қатысып, барлық салалар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынады.
Атап өтерлігі, жыл басынан бері төртінші жұмыс жәрмеңкесі 10:00-де басталып, 13:00-ге дейін жалғасады.