• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Мамыр, 2017

«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Қостанай қаласына келді

255 рет
көрсетілді

«Бабалар ізімен» ғылыми экспедиция Қостанай қаласына келді. Оның мүшелері  Тобыл жағасындағы Ы.Алтынсарин кесенесіне барып, ұлы аруаққа тағзым етті, облыстық тарихи өлкетану және Алтынсариннің мемориалдық музейін аралады. Жұртшылық өкілдерімен кездесті.

М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде студент жастар және қала жұртшылығымен кездесуде  білім ордасының ректоры Сәбит Есмұратов білім ордасы ғылыми кеңесінің шешімімен «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жетекшісі әрі демеушісі, меценат, саяхатшы Сапар Ысқақовқа «Университеттің құрметті профессоры»  атағы берілгенін айтып, оған салтанатты түрде мантия кигізді.

«Мұндай азаматтар біз үшін мақтаныш. Сапар Ысқақұлы бүгінге дейін әлемнің 165 елін аралады. Елімізде туризмнің дамуын насихаттап, оған тікелей үлес қосып келеді. Сонымен қатар, ол халқымыздың өнерінің өрістеуіне  мол үлес қосып, меценаттықтың, қайырымдылық шаралардың  озық үлгісін көрсетіп келеді. Сапар ағаның әр ісі  бүгінгі студенттерге тамаша үлгі», деді Сәбит Парызұлы.

Сапар Ысқақұлы униаерситеттің ғылыми кеңесіне өзіне көрсеткен құрмет үшін алғыс білдірді. Осыдан кейін экспедицияның мақсаты және Елбасы айтқан рухани жаңғыру, өзінің саяхаттары туралы танымдық, тағылымдық әңгіме айтып берді.

Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»