• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Мамыр, 2017

Көрмеге өңірлерден көмек келді

195 рет
көрсетілді

Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу кезіндегі жұмыстарға көмектесу үшін Астанаға өңірлік ІІД-терінің 500 қызметкері келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.

Қызметкерлер қызмет атқару тәсілдері, тексерулер жүргізу, сондай-ақ шет тілдерін оқу курстары бойынша тиісті дайындық­тан өткен, олар Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлеріне елорда аумағында құқықтық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін болады. Ағымдағы жылғы 11 мамырда Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Е.Тұрғымбаевтың қатысуымен жеке құрамның саптық байқауы өтті. Байқауда техникалар, ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыртқы келбеті, экипировкалары да тексерілді. Өңірден келген қосымша күштер жаңа киіммен, бейне-жетондармен, кеуде белгілерімен, ағылшын және басқа да тілдердегі сөздіктермен қамтамасыз етілді. Астананның аумағына пат­рульдеу жүргізу үшін қосым­ша патрульдік автокөліктер, қажетті техникалық құралдар жеткізілді. Жеке құрамға қызметтік этиканы бұлжытпай орындау және Астананың тұрғындары мен қонақтарына сыпайылық таныту, мұқият қарым-қатынаста болу, заңдылық пен тәртіпті бұзу фактілеріне жол бермеу мәселелері баса айтылды. ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінің тарапынан жеке құрамның қыз­метін күнделікті тексеру үшін комендаттық патрульдер құрылды.