• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 12 Мамыр, 2017

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

246 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі бүгіннен бастап заң шығару қызметін үздік жазып, көрсеткендерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдайды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Атаулы сыйлыққа Палата­ның заң шығарушылық қыз­меті жайында 2016 жыл­дың 1 қыр­күйегі мен 2017 жыл­дың 14 мау­сымы аралығында жарық көр­ген материалдар қабыл­данады. Ал жеңімпаздар алты аталым − Мәжі­лістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бей­не-материалдар бойынша анық­талады. Сондай-ақ, Қазақ­стан парламенттік журна­листи­касының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілетін болады.  Сыйлыққа үміткер канди­даттарды бұқаралық ақпарат құрал­дарының басшылары, шығар­машылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Сонымен қатар, бұл бәйгеге өзін өзі ұсыну ар­қы­лы жеке журналистер де қатыса алады. Өтінім бұқаралық ақпарат құралының, шығармашылық одақ­тың, қоғамдық бірлестіктің ресми бланкісіндегі, басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған хат, өзін өзі ұсынған жағдайда – сыйлыққа үміт­кердің өзі қол қойған хатымен қабылданады.  Осыларға қосымша, сыйлық­тан үміткер туралы қысқаша ақпарат (лауазымы, байланыс телефондары, пошталық мекен­жайы, электрондық поштасы) көр­сетіледі. Жарияланған неме­се эфирге шыққан материал­дардың мәтіндері, аудио, бейне-фотоматериалдар, не ғаламторда шығарылған материалдар тиісті сілтемелерімен бірге ұсынылуы тиіс. Өтінімдер 2017 жылдың 15 мау­сымына дейін Парламент Мәжі­лісінің сыйлығын беру жөнін­дегі комиссия жұмыс органына – Мә­жі­лістің баспасөз қызметіне – 000001, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 4, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне немесе smimazh@parlam.kz электронды мекенжайына жолдануы қажет. Баспасөз басылымдары мен ғаламтор-басылымдарда жария­ланбаған, сондай-ақ теле және радоэфирге шыға­рылмаған, Пар­ла­мент тақы­рыбына сай келмей­тін материалдар мен Комис­сия жұмыс органына құжат қа­был­дау мерзімінен өтіп кет­кен материалдар қарас­ты­рыл­май­ды. Комиссия сый­лық­қа номина­цияланатын жұ­мыс­тарды бағалау кезінде тақы­рыптың жазылып-көрсетілу терең­дігін, материалды беру­дегі кәсіби шеберлік пен объек­тивтілікті, оның көркемдік ерек­шеліктерін бағалайды. Ал сый­лық иелері Байланыс және ақ­па­рат қызметкерлерінің күні қарсаңында жарияланады.  Айта кетейік, Парламент Мәжі­лісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессияның соңында журналистерге арналған сыйлық белгілеу бойынша Мәжіліс бюросының шешімін жариялаған болатын. Биылғы жылы «Парламент сөзі» сыйлығы алғаш рет тапсырылғалы отыр.