• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Мамыр, 2017

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" төрағасының орынбасары тағайындалды

182 рет
көрсетілді

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің 02.05.2017 жылғы шешіміне сәйкес 2017 жылғы 10 мамырда Гүлназ Атамқұлова "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқаруға кірісті", - делінген хабарламада. 

Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы 1968 жылғы 9 қыркүйекте Алматы облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Мемлекеттік экономикалық университетінің жанындағы Еуразия нарық институтын "қаржы және несие" мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін (МВА) аяқтаған. 

Еңбек қызметін 1991 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Мемлекеттік экономикалық университетінде оқытушы болып бастады. Әр түрлі жылдары "Еуразия банкі" ЖАҚ, "Орталық-Азия траст компаниясы" АҚ жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап "ҚазАгро" холдингі" АҚ жүйесінде жұмыс істейді. 

2007 жылдың маусым айынан бастап "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2010 жылдың ақпан айынан бастап "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрайымы, 2014 жылдың сәуір айынан бастап "ҚазАгроҚаржы" басқарма төрағасының орынбасары, содан кейін басқарма төрағасының м.а. қызметін атқарды. Ал 2015 жылдың маусым айынан бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрайымы лауазымында қызмет етті.

Айта кетейік, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ және "ҚазАгроМаркетинг" АҚ кіреді.