• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Мамыр, 2017

Сенім грамотасын тапсырды

143 рет
көрсетілді

Бейрут қаласында Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Азамат Бердібай Ливан Республикасының Президенті Мишель Аунға Ливанда елші қызметін қоса атқарушы ретінде Сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында отандық дипло­мат М.Аунға Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ілтипатын жеткізіп, Қазақ­стан­дағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағ­дай, сондай-ақ еліміздің ауқымды халық­ара­лық бастамалары жөнінде хабардар етті. Сондай-ақ, А.Бердібай Ливан Прези­дентінің алдағы 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Білім және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысатынына сенім білдіріп, Қазақстан-Ливан қарым-қатынастарын нығайту және ілгерілету бойынша жұмыс жүргізетінін мәлімдеді. Ливан Президенті достық және өзара сенімге негізделген байланыстарды дамыту­ға бағытталған барлық бастамаларды қолдай­тынын қуаттады.  Елші А.Бердібайдың Бейрут қаласына жасаған сапары шеңберінде Ливанның Сыртқы істер министрі Джубран Басиль мен СІМ-нің Бас хатшысы Шарбель Уахбемен кездесулер өтті. Сұхбат аясында тараптар Ливан Президенті­нің ИЫҰ Ғылым және технологиялар саммиті­не қатысу, екі елдің сыртқы істер министрлік­тері арасында саяси консультациялар өткізу, екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын кеңейту, мүдделі министрліктер мен ведомстволар арасында өзара сапарлар ұйымдастыру мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.