• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Мамыр, 2017

Финляндия президенті ЭКСПО көрмесіне келеді

100 рет
көрсетілді

Финляндияның президенті Саули Ниннисте Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне келуді жоспарлап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл 19 маусымнан бастап Астана-Хельсинки бағыты бойынша екі ел арасындағы тікелей әуе рейсі ашылады. Бұдан бөлек, 18-19 маусым күндері елордада Оулу қаласының мәдени күндері ұйымдастырылады. Осының барлығы Финляндия президенті Саули Ниннестенің Қазақстанға жасайтын сапары аясында өтеді.

Ниннесте Астанадағы ЭКСПО - 2017 көрмесі аясындағы Финляндияның ұлттық күні мерекесіне қатысады. Аталған шара осы елдің павильонында өтеді. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, фин басшысының сапары 19-21 маусымға жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Финляндия Солтүстік Еуропа елдері ішінде Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптесі әрі ірі инвесторы болып саналады.

 

Соңғы жаңалықтар