• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2017

Атырауда лимон өседі

385 рет
көрсетілді

Топырағы тұзды әрі құнарсыз мұнайлы өңірде жеміс-жидек пен көкөніс өсіру оңай емес. Алайда, шаруақор Владимир Розметов үшін әсте қиындық келтірмеді. Ол үлкен алма бағым болса деп армандаған, ал қазір алманың 30-дан астам түрін өсіреді.

Алдымен «Атырау­Агро­­Өнімдері» шаруа қо­­жа­лығын құрып, көп бейінді кешен салды. Махамбет ауданында ор­наласқан қо­жалықта жеміс бағы, көкөніс бақ­шасы, асыл тұ­­қым­ды мал шаруашы­лығы бар. Іздену мен еңбек­тенуден тал­майтын ша­руа­­шылық басшысы енді лимон өсіруді қолға алыпты.  Негізінен суб­тро­пи­калық ай­мақта өсетін, су­ық­қа тө­зімсіз өсім­­дікті Аты­рау топы­ра­ғы­на жер­сіндіруге біраз күш керек. Бірақ тығы­рақтан шы­ғатын жол да бар. Таш­кент­­тегі лимонариядан екі мың лимон көшетін са­­тып алған кәсіпкер Ма­хамбет ауылындағы бау-бақ­шалық жеріне екті. «Лимонның «Мир» деп ата­латын сұр­пын өсіруге жергілікті климаттық ерек­шелік пен топырақ құ­рамы қолайлы. Қазір Ташкенттен келген екі ғалым көшеттерді бақы­лауға алды. Олар алғаш­қы өнім алғанға дейін қандай шаралар атқару керек екенін түсіндіреді. Биыл тек өсіріледі, алдағы күзде жылыжай жасаймыз. Ке­лер жылдың көктемінде әр ағаш 15 келіге дейін же­міс береді деген жос­пар бар», дейді Владимир Розметов. Ал төрт жылдан кейін әр ағаштан 150 келіге дейін лимон алуға болады екен. Бұл жобаны қолға алғанша кәсіпкер жергілікті нарықты зерттеген. Қазір Атыраудағы сауда орындарында бір тал лимонның бағасы 200 теңгеге дейін жетеді. «Ал «АтырауАгро­Өнім­дерінің» лимоны бұдан екі есе арзан болады», дейді кәсіпкер. 

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ