• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Мамыр, 2017

Жарыстар күнделігі (12.05.2017)

124 рет
көрсетілді

Бокс «Астана Арланс» бокс клубы Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясындағы ширек финалдық кезде­су­лерін Қара­ғанды қала­сындағы Серік Сәпиев атын­­дағы Бокс орта­лы­ғын­да өткізетін болды. Әуелде бұл жекпе-жектер оң­түстік астанадағы «Ал­­ма­ты Арена» спорт са­­райында өтеді деп жос­пар­ланған еді.  Еске салар болсақ, «Ар­­лан­дардың» ширек фи­­налдағы қар­сыласы Ре­сейдің «Патриот Бок­синг Тим» бокс клубы. Алғаш­­қы кездесу бүгін Ресей­дің Кеме­рово қаласында өтсе, қа­рым­та жек­пе-жектер 20 ма­мыр күні Қара­ғандыда ұйымдас­тырылады.  Теннис Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Әйелдер тен­нисі қауым­дастығының (WTA) жаңар­тылған рей­тингісінде 151-ші орын­ға көте­рілді. Бұған дейін тен­нисші қызы­мыз 187-орында тұрған болатын.  Ал Қазақстанның бірін­ші ракеткасы Юлия Путин­цева бір саты төмен сырғып, 32-ші орынға түсті. Жалпы, әйелдер арасын­дағы теннисшілердің үздік үш­­тігі өзге­ріс­сіз қал­ды. Топ­ты амери­калық теннис­ші Серена Уильямс бас­тап келеді. Екінші орында неміс теннисшісі – Ан­желик Кербер. Ал үш­тікті чехтің теннисші қызы Ка­ро­лина Плишкова тү­йіндеп тұр.  Еркін күрес Орынборда қыздар арасында еркін күрестен өткен халықаралық турнирге Ресей мен Қазақстаннан 205-ге тарта балуан қатысты.  Жарыстан еліміздің намысын қорғаған Маңғыстау облысының балғын балуандары олжалы оралды. Олар бір алтын, бір күміс және екі қола медаль алып, жан­күйерлерін қуанышқа бөледі.  Алтын жүлдені 38 килода өнер көрсеткен Марал Тәңір­бергенова жеңіп алса, Әсем Қайбуллаева (43 кг) күміс медаль­ды қанағат тұтты. Ал Алена Елесеева (32 кг) мен Сабина Қайбуллаева (38 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Әзірлеген  Қайрат ЖҮНІСҰЛЫ