Кездесуде Сергей Тимофеев құрылыс жұмыстарына қойылатын нормативтік талаптар еліміз бойынша бірдей екенін, бұл орайда климаттық ерекшеліктер ескеріле бермейтінін жеткізді.
Аймақ басшысы мәселені заңнамалық негізде шешу мүмкіндігін айта келіп, кез келген бос орындарға қалай болса солай салынатын құрылыстарды қатты сынға алды. Құрылыс жүйесін жетілдіру қажеттігін атап көрсетті.
«Көп қабатты үйлердің ретсіз бой көтеруі салдарынан шахардың сұрқы қашып тұр. Біріздендірілген архитектуралық шешім жоқ. Үй, коммуникация, жарықтандыру кешенді болуы тиіс», деді Құмар Іргебайұлы.
Жеке кәсіпкер Александр Ещанов гиперпресті кірпішті дайындап, сату жайында әңгіме қозғады. Әкім өнімнің сапасы тексерілгеннен кейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру шаралары жүзеге асырылатынын айтты.
Тиісті орындарға «Солнечный» шағын ауданынында салынатын үйлердің архитектуралық талаптарға сай болуын тапсырды.
Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан»