• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Мамыр, 2017

Солтүстік Қазақстаннан 54 шетелдік азамат аластатылды

151 рет
көрсетілді

Қызылжар өңірінде Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын өрескел бұрмалайтын шетелдіктер жиі кездеседі. Жуырда солардың бір тобына шара қолданылды.

Әкімшілік заңнамаларға  мойынұсынбағаны үшін өзге елдердің 7 азаматын ел аумағынан аластату жөнінде сот шешімі қабылданды. Енді олар  Қазақстанға 5 жыл бойы жолай алмайды. Мәселен, 45 жастағы Ресей Федерациясының азаматы спирттік ішімдік ішіп, жол ережесін бұзғаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған. Ал рұқсатсыз саудамен айналысқан Өзбекстан азаматы заңсыз тұрып келген.

Тексеру барысында Қазақстанды  тастап кетуі тиіс 6 шетелдіктің  түрлі себептермен сот қаулысын орындамағаны анықталды. Енді олар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Жыл басынан бері осындай сипатта 8 қылмыстық іс қозғалған.

Биыл облыс аумағынан 54 шетелдік шығарылған.

Өмір Есқали

«Егемен Қазақстан»