Жиынның ашылу салтанатына қатысқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев түркі елдеріне ортақ телеарна құру мен ақпарат алмасу мәселесін көтерді. «Ақпараттық кеңістік құрудағы басты мақсатымыз – Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан сияқты түркі елдерімен қатар, Жер шарындағы түркі қауымдастықтарымен ақпарат саласында ынтымақтастық орната отырып, жедел ақпарат алмасу, баспасөзде серікестік құру, түбі бір түркіге ортақ тарих, мәдениет, білім, өнер, рухани құндылықтарды бірге насихаттау болмақ. Яғни, ол біздің бірлігімізге, рухани, саяси және экономикалық байланыстарымыздың нығаюына жұмыс істейтін үлкен дүние болады деген сенімдемін. Ортақ тарихты зерттеп, ұғынуға, бір-бірімізді танып, мәдениетіміздің жақындасуына ортақ телеарнаның ашылуы үлкен үлес қосады», – деді облыс әкімі. Сонымен қатар, форумда сөз алған ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов түркі халықтарының мәдени, рухани интеграциясындағы ақпарат құралдарының маңызына тоқталды. Бұдан бөлек, Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі қатысушыларға түркі жұртының қарымды журналистері бас қосқан Медиа форумға үлкен қолдау білдірген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың арнайы Құттықтау хатын оқып берді. Форум жұмысына қатысқан түркі тілдес журналистер мемлекеттер арасында ақпарат алмасудың тиімділігін арттыру жайын сөз етіп, алдағы уақытта тығыз қарым-қатыныста жұмыс жасасу туралы келісімге келді.
Аймақтар
•
12 Мамыр, 2017
Түркітілдес елдердің журналистері Түркістанда бас қосты
140 рет
көрсетілді
Бүгін Түркістанда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумы өтуде, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.