Астана қаласы Сарыарқа даңғылының бойындағы «Тұлпар» көпірінің жүріс бөлігін жөндеу жұмыстары басталады.
Бұл туралы қалалық Автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. Осыған байланысты мамыр айының 12-нен 15-не дейін аталған учаскеде автокөлік қозғалысы жартылай жабылатын болады. Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарына қала көшелеріндегі кептелістердің алдын алу үшін өз бағдарларын жоспарлауды ұсынады.