«Тарих беттерін парақтасақ Балқы Базар, Тұрмағамбет, Нұртуған, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары секілді жүрегіне жыр жауһарын жинаған Сыр шайырлары бірінен соң бірі тізбектеліп кете береді. Осындай таланттар мен дарындарға Сырдарияның табанын жайлап жатқан Арал топырағы да кенде емес. Нұртуған, Жәмет, Көпжасар, Дәріғұлдар дүниеге келген киелі топырақтан Әбдіжәміл Нұрпейіс, Молдахмет Қаназ, Әбдіраштың Жарасқаны, Қуаныш Жиенбай, Шөмішбай Сариев секілді арналы ақындар мен жазушылар түледі. Осылардың арасынан сырлы жырларымен оқырманының сүйіктісіне айналған Мырзан Сахиұлын да бөліп айтуға болады», – деді Қ. Көшербаев. Өңір басшысы Мырзан Кенжебаевты мерейтойымен құттықтап, аймақ экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыс етті. Содан соң Мырзан Сахиұлын әріптестері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Есенғали Раушанов пен ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Мереке Құлкенов құттықтады.
Аймақтар
•
12 Мамыр, 2017
Қызылорда облысының әкімі Мырзан Кенжебаевты мерейтойымен құттықтады
317 рет
көрсетілді
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шығармашылық өкілдерімен кездесіп, ақын әрі жазушы Мырзан Кенжебаевты 70 жасқа толуымен құттықтады.