Сенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, тек еліміздің оңтүстік, солтүстік батыс, солтүстік және орталық бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болып, шаң соғып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қарағанды, Қостанай облыстарында, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, күндіз кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл (15-20 м/с) соғады.