• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Технология 13 Мамыр, 2017

Әлем бойынша 99 мемлекетке кибершабуыл жасалды

271 рет
көрсетілді

99 мемлекетте ауруханалар мен ірі компанияларға, үкіметтік ұйымдарға жаппай кибершабуыл жасалды. Cybersecurity Avast фирмасы жұма күні 99 мемлекетке 75 мың кибершабуыл жасағанын айтты, деп жазады CNN.

Kaspersky Lab әлем бойынша 74 мемлекетте "WannaCry" бағдарламасы арқылы 45 мың шабуылды тіркеді. Компания өкілдерінің айтуынша, хакерлер бақылауға алған компьютерді қайтару үшін ақы төлеуді талап етеді. Kaspersky Lab фирмасының қауіпсіздік бойынша бас сарапшысы Курт Баумгартнер қаражат аударуға 6 сағат берілетінін айтты. Ал Avast компаниясы әлем бойынша 36 мың компьютерде вирус барын тіркеді. 

Аталған шабуылдан Ұлыбританияда Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) 16 ұйымы зардап шекті. Испанияның Telefónica телекоммуникация компаниясы да бопсалауға тап болғанын хабарлады. Испания үкіметі де кибершабуыл туралы ақпаратты растады. 

АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік департаменті кеше азаматтарға операциялық жүйелерді жаңартуға кеңес берді. "Біз осы мәселеге байланысты ақпарат алмасып, техникалық қолдау көрсетуге дайынбыз", делінген хабарламада. ВВС-дің хабарлауынша, АҚШ, Тайвань, Италия, Қытай, Ресей және басқа да мемлекеттерден осындай ақпараттар әлі де түсіп жатыр.