Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 14 мамыр күні елдің басым аймағында тұрақсыз күн райы сақталады.
Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ тұман мен желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Жауын-шашынсыз ауа райы тек батыста болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында шанды дауыл болады, Қарағанды облысының жекелеген аумақтарында бұршақ күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болжанады.