• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 14 Мамыр, 2017

Елбасы Бейжіңдегі форумның ашылуына қатысты

64 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары және делегациялары келген «Бір белдеу, бір жол» атты Бейжіңдегі халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

Форумның басты мақсаты - ынтымақтастықты жандандыру бағыттарын талқылау, өзара іс-қимыл платформаларын қалыптастыру және ынтымақтастық нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу.

Іс-шарада инфрақұрылымдық байланыс, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіптік инвестициялар, энергетика мен ресурстар, қаржылық қолдау, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды мәселелер талқыланатын болады.