• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2017

Алимент өндіру – өзекті проблема

760 рет
көрсетілді

Алматы қаласында алимент бойынша «Медеу» атты мамандандырылған кеңсе ашылды

Әлеуметтік маңызы бар істердің санатына, осы таңдағы өзекті мәсе­ле­лердің бірі  – алимент өндіру тура­лы атқарушылық құжаттар жатады.  Осыған орай, 2015 жылдың 29 қазанында №376-V санды Қазақ­стан Республикасының Заңымен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа берілген «Атқару­шы­лық іс жүргізу және сот орындау­шы­лары­ның мәртебесі туралы» Заң­­ға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңның 138-бабына сәйкес, жеке сот орындаушыларының құзы­­ретіне мемлекеттің мүддесі қоз­ғал­­ған атқарушылық құжаттар­дан басқа, жеке және заңды тұлға­лар­­ға қатысты, сонымен қатар, әлеу­­мет­тік маңызы бар істер бо­й­ын­­­ша барлық атқарушылық құ­жат­­тарды орындау жатады. Со­ның ішінде, алимент өндіру ту­ралы атқарушылық құжаттар да бар. Сондай-ақ, әлеуметтік маңы­зы бар істер бойынша жеке сот орын­­даушылары тарапынан жеке тұл­ға­ларға мемлекет кепіл­дік бер­ген тегін заң көмегі көрсе­ті­леді. Заң­ның 117-1-бабына сәй­кес, әлеумет­тік маңызы бар істер сана­тына жа­та­тын, сонымен қатар, али­мент өн­діру туралы атқару­шы­лық құжат­тар бо­йынша жеке сот орындау­шы­сы қыз­метінің ақысы бюд­жет­тен төленеді. Аумақтық органға ұсынылған атқарушылық әрекеттерді жаса­ғаны және өндіріп алынған төлем­дер туралы есеп жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төл­еу үшін негіз болып табылады. Же­ке сот орындаушысының осы бап­тың 1-тармағында көзделген атқару­шылық құжаттар бойын­ша мәжбүрлеу шараларын қол­дануға бай­ланысты қызметіне ақы төлеу мөл­шерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. «Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өн­ді­ріп алу туралы атқарушылық құ­жаттар бойынша мәжбүрлеу шара­ларын қолдануына байланыс­ты қызметіне ақы төлеу мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №1053 қаулысына сәйкес, жеке сот орындаушысының али­менттерді және жалақыны өн­ді­ріп алу туралы атқарушылық құ­жат­тар бойынша мәжбүрлеу шара­ларын қолдануына байланысты қызметіне ақы төлеу бір атқарушы­лық іс жүргізуге 5 айлық есептік көр­сеткіш мөлшерінде белгіленген.   Жеке сот орындаушыларымен, алимент төлемей қашып жүрген борыш­керлерге, Қазақстан Респуб­ликасынан шығуын уақытша шектеу, мүлкін тәркілеп қана қоймай, Қазақстан Респубикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Заңының 669-бабына сәйкес, 10 АЕК көлемінде айыппұл салудан  5 тәулікке дейін қамауға алу және де қылмыстық жауапкершілікке тарту сынды шаралар қолданылады.

Зере ҚАРЖАУОВА, Алматы қалалық әділет департаменті

жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімінің жауапты маманы