• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 16 Мамыр, 2017

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

130 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен өткен палатаның бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Осыған орай депутаттар алдағы сәр­сен­біде «Қазақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне денсаулық сақ­тау мәселелері бойынша өз­ге­рістер мен толық­тырулар ен­гізу туралы» заң жобасын екін­ші оқылымда талқылайды деп күтілуде. Сонымен қатар, осы отырыста әлеуметтік қам­сыз­дандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар бойынша заң жобасы да талқы­ланатын болады.  Сондай-ақ, жалпы отырыс­та Мә­жіліс «2012 жылғы 11 ма­мыр­дағы Қазақстан Рес­пуб­­ли­ка­сының Үкіметі мен Қыр­ғыз Респуб­ли­­касының Үкі­ме­ті арасындағы Қазақ­стан Рес­­­пуб­ликасы азаматтарының Қыр­ғыз Рес­пуб­ликасының аума­ғында және Қырғыз Рес­пуб­­ликасы азаматтарының Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының аума­ғында болу тәртібі туралы ке­лісімге өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы хатта­маны ратификациялау тура­лы» және де «Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Қыр­ғыз Республикасының Үкіметі ара­сындағы еуразиялық эконо­микалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақ­тастықты дамыту туралы ке­лісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын қарастырады.  Үкімет пен Республикалық бюджеттің ат­қа­рылуын бақылау жөніндегі есеп коми­тетінің 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері мен Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы, Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы заң жобалары қорытынды әзірлеуге алынады. Сондай-ақ, бюро отырысында палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Батыс Қазақстан облысында көшпелі отырысын (2017 жылғы 25-27 мамыр) өткізу туралы мәселе де талқыланды.