• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Мамыр, 2017

Өзара серіктестіктің келешегі зор

226 рет
көрсетілді

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов Халықаралық теңіз ұйымының (ХТҰ) Бас хатшысы Китак Лиммен кездесіп, аккредитациялық хат тапсырды. Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Ыдырысов Қазақстанның Халық­ара­лық теңіз ұйымымен ынтымақтастықты да­мытуға зор мән беретіндігін атап өтті. Елші Кас­пий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздер, Қазақстан порт­тарының даму перспективалары және Ка­спий маңы мемлекеттерінің түрлі саладағы қарым-қатынастары жөнінде сөз қозғады. Сонымен бірге, Е.Ыдырысов ХТҰ Бас хат­шысын Қазақстанның экономикалық да­муы­мен және оның аймақтық рөлімен таныс­тырып, ел Үкіметінің ұлттық стандарттарды ха­лықаралық талаптарға сәйкестендіру бой­ын­ша мақсатты жұмыс жүргізіп жат­қан­дығын айтып, оған еліміздің 2017 жылғы ақ­панда ХТҰ-ның міндетті аудитінен сәтті өту­іне жәрдем көрсеткені үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде, Китак Лим Қазақстанның Ха­лық­аралық теңіз ұйымымен ынты­мақ­тас­тық­ты дамытуға деген ұмтылысын жоғары ба­ғ­а­лап, ХТҰ-ның Қазақстан тарапына қа­жет­ті қол­дау көрсетуге тырысатындығын атап өтті. Ол, сондай-ақ, ХТҰ-ның Қазақ­стан­­­­ға және Каспий өңірінің басқа да мем­ле­­кеттеріне өзінің мандаты аясында тех­ни­калық жәрдем көрсетуге дайын екен­ді­гін мә­лімдеді. Кездесу соңында Е.Ыдырысов Қазақстан де­ле­­гацияларының ХТҰ-ның басшылық жә­не мамандандырылған органдарының жұ­мыс­­тарына, атап айтқанда, осы жылғы қ­а­ра­ша-желтоқсан айларында өтетін ХТҰ-ның ХХХ Ассамблеясына белсенді қатысуының ма­ңы­здылығына тоқталды. Айта кетейік, Халықаралық теңіз ұй­ы­мы – халықаралық сауда кемелері қа­ты­нас­ын­да техникалық мәселелер бойынша ын­ты­мақ­тас­тық және ақпарат алмасу жөнін­де­гі БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі болып та­бы­латын халықаралық үкіметаралық ұйым. Біз­дің еліміз Халықаралық теңіз ұйымына 1994 жылдан бері мүше.