Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай, жел күшейіп, түнде солтүстік аймақтардың кей жерлерінде үсік жүруі мүмкін. Республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн ашық. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде 2 градусқа дейін үсік болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 2-3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз найзағай мен жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күші 15-23 м/с болады.
Қарағанды облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.