Соның ішінде бұған дейінгі жүргізілген шоқтығы биік игі істің бірі – олардың Алға балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық шараларын ұйымдастырғаны болып отыр. Тәртіп сақшылары балаларға арнайы сыйлықтар тапсырып, материалдық көмек көрсетті.
«Су анасы – бұлақ болса, істердің ең ізгісі – қайырымдылық. Біз «жетім көрсең, жебей жүр» деген халқымыздың даналық қағидатын берік ұстана білген аға ұрпақтың өкіліміз. Бақыт деген қасиетті ұғымды әркім әр түрлі түсінуі мүмкін. Ал біздің ойымызша осы балалардың жүздері жарқын, көңілдері шат болса, бақыт дегеніміз сол болмақ», деді газет тілішісіне жетім балаларды қанаттарының астына алуға бастамашы болған Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары Арыстанғани Заппаров.
Бұл арада әсіресе қайырымдылық қағидаттарына сәйкес нардың жүгін арқалай білген ішкі істер департаментіне қарасты кадр ісі жөніндегі басқарма мен Мәртөк аудандық полиция бөлімінің және Зауыт, Елек полиция бөлімшелері қызметкерлері жүрек жылуын таныта білгендерін атап көрсеткен жөн.
Темір Құсайын, «Егемен Қазақстан»