• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2017

Алматының 1000 үздік мұғалімі мен оқушысы ЭКСПО-ға тегін барады

238 рет
көрсетілді

Алматылық кәсіпкерлер оқушыларға, студенттерге, мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларына «ЭКСПО-2017» көрмесінің 1000 билетін сыйлайды. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мәлімдеп отыр.

«Билеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына, сондай-ақ ғылыми жұмыстармен белсенді түрде айналысатын оқушылар мен студенттерге беріледі. Бұдан басқа, «Жыл мұғалімдері» және ғылыми жобаларға жетекшілік ететін оқытушылар көрмені тегін барып көреді», – дейді Алматы қаласы бойынша «Астана Экспо-2017» жедел штабының басшысы Самғат Ермекбаев.  Оның айтуынша, меценаттар «Астана Экспо-2017» Алматы штабына оқушылар үшін – 200 билет, мұғалімдер үшін – 300 билет, студенттер мен ЖОО оқытушылары үшін – 500 билет сатып алу бастамасымен өтініш жасаған. Бір билеттің құны – 4 000 теңге.  Айнаш Есали,  «Егемен Қазақстан».  АЛМАТЫ