• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 18 Мамыр, 2017

Ақтауда мұз сарайы салынады

259 рет
көрсетілді

Чехиялық инвесторлар Ақтау қаласында мұз сарайын салуға ынталы. 

Олар өз жобасын аймақ басшысы Ералы Тоғжановқа таныстырып, жоба туралы және Чехияның Брно қаласында құрылған, қазіргі таңда Еуропа және ТМД елдерінде жұмыс жүргізетін «H+H TECHNIKA» компаниясының іс-тәжірибесі жайында баяндады.

Спорт түрлерін дамытуға және өзге де ауқымды шараларды өткізуге қолайлы кешен Ақтау қаласының 32 шағын ауданына орналасатын болады. 

Аумағы 7 мың шаршы метрді алатын нысан құрылысына 4 млрд. теңге жұмсалмақ. Сондай-ақ, спортттық кешен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынып, оған құйылатын қаржының 70 пайызын компания бөлсе, қалған 30 пайызы бюджеттен қаралады.

Көпфункцияналды спорт кешенінің ерекшелігі - мұз айдыны ерітуді қажет етпей-ақ баскетбол, волейбол немесе шағын футбол алаңына айнала алады.

Ринг құрып, бокс өткізуге, сахна құрып, концерт өткізуге мүмкіндік бермек. Жоба авторларының айтуынша, әлемдік стандартқа сай кешенде мұз алаңы ғана емес, мейрамхана, спорт киімдері дүкені, фитнес орталық, спорт киімдері дүкені мен мейрамхана да орналасады. 

Құрылыс бір жарым жылда аяқталып, құрылыс кезінде де, пайдалануға берілген соң да жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкнідік беретін мұз сарайында мәнерлеп сырғанау, хоккей сынды қысқы спорт түрлерін дамыту жолға қойылмақ.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.

АҚТАУ.