• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Мамыр, 2017

Елімізде жазасын өтеушілер саны 30%-ға азайған

294 рет
көрсетілді

Елімізде қылмыс жасап, жазасын өтеп жатқандардың саны соңғы 5 жылда 30%-ға азайған. Нәтижесінде 8 түрме жабылды. Бұл туралы Қарағандыда өткен көшпелі жиында Ішкі істер министрлігінің өкілдері айтты, деп жазады 24.kz.

Tкі жыл бұрын қабылданған қылмыстық-атқару кодексі сотталғандардың құқығын қорғауға негізделген. Түрмеден босап шыққандарды қоғамға бейімдейді. Осы заң жергілікті жерлерде қалай орындалып жатыр, нәтижесі қандай? Алқалы жиында осы мәселелер талқыланды. Жиынды өткізуге Қарағандының таңдалып алынуы да кездейсоқ емес. Мұнда 10 түзету мекемесі бар, онда 5 мың адам жазасын өтеп жатыр. Сенат депутаттары осы мекемелерге барып жағдайды көзбен көрді.

"Түзеу колонияларының жұмыскерлерімен, сотталғандармен де бүгін кездесеміз. Қандай жұмыстар істеліп жатқанын, босаған адамдарды қалайша жұмысқа орналастырып жатыр екен, олардың болашақ тағдыры қандай екен, соның бәрін көру үшін, егер қажет болса, тиісті заңдарға өзгеріс енгізу үшін әдейілеп келіп тұрмыз", - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Ақылбай.