Соңғы 4 айда еліміздегі пәтер бағасы орташа есеппен 1,1%-ға өскен. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитеті хабарлайды.
Қысқа уақыт аралығында баспаналы болу үшін отандық банктер мердігер мекемелермен және тұрғын үй кешендерімен ипотекалық несиелендірудің тиімді шарттарын ұсынады. Бұл жағдайда еліміздегі екінші деңгейлі 17 банк өз тұтынушыларына бастапқы жарна құнын да едәуір төмендетуі мүмкін.
Айта кетейік, еліміздің 7 қаласында өсім байқалса, 3 облыс орталығында пәтер құны түскен. Олар: Қостанай, Павлодар және Астана қаласы.
Ал Петропавлда пәтердің бір шаршы метрі 16,6%-ға өсіп, 185 мың теңгені құрап отыр. Екінші орында – Алматы қаласы. Үштікті Семей қаласы түйіндейді.