Кеңес отырысы ЕАЭО-ға мүше елдер ақпарат министрлерінің қатысуымен өтті. Қазақстаннан Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысып, сөз сөйледі. ЕЭК Кеңесі отырысының барысында бірқатар көкейкесті мәселелер, атап айтқанда, 2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлы күн тәртібін жүзеге асыру шеңберіндегі бастамалар бойынша ұсыныстар қаралды. ЕАЭО-ның цифрлы күн тәртібін қалыптастыру мүше мемлекеттердің, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың ашық, кең және тең құқылы ынтымақтастығына, әрбір мүше мемлекеттің экономикасы өсімінің тиімділігі мен көлеміне, ЕАЭО-ның экономикалық, технологиялық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне өтуіне, сондай-ақ, жаһандық цифрлы күн тәртібін қалыптастырудағы ЕАЭО-ның рөлін нығайтуға ықпал ететін болады. Отырыс барысында, сондай-ақ, ЕурАзЭҚ-тың ішкі рыногындағы кедергілерді жою мәселелері қаралып, ЕурАзЭҚ-тың ішкі рыногындағы бірқатар кедергілерді жою бойынша «жол картасы» қолдау тапты. Оның сыртында 2016 жылы ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші ықпалын бағалаудың нәтижелері туралы есеп тыңдалды. Осы іс-шаралар кешенін жүзеге асыру тауарларды Қазақстаннан ЕурАзЭҚ елдерінің рыногына жеткізуді қамтамасыз етіп, шағын және орта бизнес үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Тиісті мәселені үстіміздегі жылдың 26 мамырында ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер Үкіметтері басшыларының қарауына енгізу жоспарланып отыр. Кеңес мүшелері, сондай-ақ, тауарларды ЕурАзЭҚ-тың идентификациялау құралдарымен, сондай-ақ, ЕурАзЭҚ-тың Кеден кодексінде қаралған ЕЭК актілерімен таңбалау жүйесін дамыту мәселесін талқылады. Таңбалау жүйесін енгізу болашақта көлеңкелі экономика мен контрафактілі өнімдер айналымын қысқартуға жағдай жасайтын болады. Комиссия Кеңесі ЕурАзЭҚ шеңберіндегі балалардың ойын алаңдарындағы бірегей қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламентті қабылдады. Техникалық регламент ол қабылданғаннан кейін 18 айдан соң күшіне енетін болады. Оның сыртында ветеринарлық бақылау саласы, кедендік-тарифтік реттеу мәселелері бойынша шешімдер қабылданды. Бүтіндей алғанда, бүкіл қаралған мәселелер бойынша ЕурАзЭҚ-ты одан әрі дамытуға бағытталған өзара тиімді шешімдерге қол жеткізудің сәті түсті.
Үкімет
•
19 Мамыр, 2017
Одақтың цифрлы күн тәртібі талқыланды
131 рет
көрсетілді
17 мамырда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.