• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 19 Мамыр, 2017

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар

1560 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғы­ру» ма­қаласы көп мәселені тереңнен қоз­ғаған, халыққа ой салатын, ой­лан­дыратын, болашаққа сенімін ны­ғайтатын келелі, бағдарламалық мән­ді туынды болып жазылған. 

Халық жеке адамнан құралады десек, оның рухани жаңғыруында жеке адамның орны, үлес салмағы ерекше болмақ. Сондықтан да бұл ма­қаланы Қазақстанның әрбір аза­ма­ты жеке оқып, санасына сіңіріп зер­делеуі және соған сәйкес өз мақ­сат-міндетін айқындауы, ел ал­дын­да­ғы жауапкершілігін терең сезінуі тиіс деп білемін. Әсіресе, мемлекет құ­рушы және ұлан-байтақ жерімізде өз­ге ұлт өкілдерінің жарасымды өмір сүруіне, дамуына кепілдік жасап отырған қазақ халқының мойнында үлкен жауапкершілік жүгі бары анық. Елбасы айтқандай, «Әлемде ба­ғыты әлі бұлыңғыр, жаңа тари­хи кезең басталды». Және бұл өзге­ріс көз алдымызда, өте жылдам шап­шаң­дықпен жүзеге асуда. Әр алуан тех­нологияның қарыштап дамып ба­ра жатқаны сондай, бүгінгі бар нәр­се ертең көнеге айналып, орнына жаңа үлгі пайда болады. Онымен іле­сіп, жаңарып отыру оңай емес. Бі­рақ қажет, уақыт сондай, әлемдік ор­та, талап солай. Бәсекелестікке тө­теп бере алмасаң, ұтылып қана қо­й­­майсың, қатардан шығып қа­ла­­сың. Жаһандану иіріміне жұ­ты­лып кетуің де ықтимал. Қазіргі уа­қыттың қатал талабы, қатері солай болып отырған соң да ел, ұлт, халық өзін сақтап қалуы үшін алды-артын әрід­ен ойлап, өз-өзіне сын көзімен қа­рап, жақсы қасиеттерін дамытып, жа­манынан арылуы және уақыт тала­бына бейімделуі аса керек. Елбасының ма­қа­ла­сында осы жай жан-жақ­ты пай­ымдалған, тек пайым­д­алып қана қоймай, ха­­лықтың, оның жеке тұл­­ғаларының, билік ба­сындағыларының ат­қа­ратын міндеттері мен қызметтері, жау­ап­кер­ш­і­лік жүгі көр­се­тіл­ген. Бұ­дан бүгінгі кәрі де, жас та сырт қалмауы қа­жет. Өз-өзімізге сын көзімен қарап, өз­генің емес, өзімнің міндетім, аза­мат­тық борышым деп ұғатын кез келді. Мақалада ұлттың рухани жаң­ғы­руында екі мәселеге айрықша кө­ңіл бөлінеді. Бірінші – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайтыны айтылады. Екінші – алға басу үшін ұлт­тың дамуына кедергі болатын өт­кеннің кертартпа тұстарынан бас тар­ту қажеттігіне назар аудары­ла­ды.  Елбасы мақалада ұлттық код деген мәселеге жақсы анықтама берген. «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық ко­дың­ды сақтай білу. Онсыз жаңғыру де­геніңіз құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақ­тай­мын деп бойыңдағы жақ­сы мен жаманның бәрін, яғни бо­ла­шаққа с­енімді нығайтып, алға бастайтын қа­сиеттерді де, кежегесі кері тартып тұ­ратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәс­түр­лерге шекеден қарамауға ти­іс. Керісінше, замана сынынан сү­рін­бей өткен озық дәстүрлерді та­­бысты жаңғырудың маңызды ал­ғы­шарттарына айналдыра білу қа­жет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-ру­хани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деп жазады Ел­басы.  Бұл ойда терең мән-мағына бар. Ұлт­тық кодтың басында, біздіңше, ең алдымен тіл мәселесі тұрады. Өй­т­кені, тіл – ұлттың жаны. Тіл за­ман талабына сай жаңғыруы, дамуы тиіс. Ал ол өздігінше жүзеге аспайды. Бұл халықтың өз жауапкершілігіндегі аса үлкен мақсат. Тіл отбасынан басталып, азаматтың, халықтың бүкіл ғұмыр бойында дамуы, қанатын жаюы қа­жет деп білеміз. Әр ма­ман өз саласында мем­ле­кеттік тілге – қазақ ті­ліне зор құрметпен, па­триоттық сезіммен қарауы қажет. Сон­д­а ғана ол мемлекеттік қарым-қа­тынас құралына, ғылым мен техни­ка, мамандық тіліне айналады. Олай болмаса, ұлттық кодымыздың бірінші шарты мемлекеттік тіл әлі де тасада қалуы, бұл «бағыты әлі бұлыңғыр жаңа тарихи кезеңде» үлкен қатер-сын болуы ықтимал. Әрине, біз мұндай жағдай болмасын деп тілейміз. Сондай-ақ, Елбасы «озық дәст­үр­лерді табысты жаңғырудың ма­ңы­з­ды алғышарты» деп біледі. Дәс­­­түр-салтымыздың озығы да, то­зығы да бар екені бүгінде айқын та­нылып отыр. Ерлік, батырлық дәс­түрі, қоршаған ортаны қорғау, ұл­тымызға тән имандылық пен толып жатқан басқа да жақсы қастерлі қас­иеттеріміз – бұл ұлтымыздың еш­кім­ге ұқсамайтын өзіндік келбеті. Біз осы қалпымызбен қазақ болып қа­ламыз және қазақпыз деп мақтана ала­мыз. Дегенмен де рухани жаңғырудың бірнеше бағытын талдап-таратып айтып өткен Елбасы «Прагматизм» де­ген екінші бағытта қарапайым ха­лықтың жадында болуы, ойлануы тиіс уақыттың өзі алға тартып отыр­ған қасиеттерді алға тартады.  «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, со­ған сәйкес болашағыңды жос­пар­­лай алу, ысырапшылдық пен ас­­там­шылдыққа, даңғойлық пен кер­­деңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мә­де­ниеттің белгісі – орынсыз сән-сал­танат емес. Керісінше, ұстам­ды­лық, қанағатшылдық пен қарапай­ым­дылық, үнемшілдік пен орынды пай­далану көргенділікті көрсетеді» деп жазады. Осы жолдардағы толғамды ойлар түйсіне білген адамға көп жайды меңзейді. Қазіргі қазақ бұрынғы қазақ емес. Бүгінгі уақыт, шындап келгенде, қазақтың дарақылығын, астамшылдығын, тойшылдығын кө­термейді. Ал, өкінішке қарай, біз­де әлі де дарақылық пен ысыра­п­- шылдық та, қызыққұмарлық та мол. Әрине, өмір бұлай жалғаса бермейді. Уақыт көп нәрсені әлі-ақ жөнге салары сөзсіз. Дегенмен, бұ­рынғы психологиямен, бұрынғы өмір ағымымен біразымыздың әлі де «сүрлеулетіп» жүріп келе жат­қа­нымыз шындық. Ойланатын уа­қыт жеткенін, енді дүниеге басқаша көз­бен қарау керектігін Елбасы орынды ескертіп отыр. «Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұста­нуға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басым­дық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мі­нез-құлықтың прагматизмі деген осы» дейді Елбасы.  Бұл – бүгінгі заманның қағи­да­сы. Жасыратын несі бар, көптеген көк диплом қазір кәдеге жарамай сандық түбінде жатыр. Ал оған кезінде ата-ананың қаншама қара­жа­ты кетті. Бұл Елбасы айтқандай, бәсе­кеге қабілетсіздік. Өмірдің осын­дай және өзге де жайларынан са­бақ алып, алғы күнге сын көзбен, қа­таң талаппен қарауымыз керек тәрізді. Қазір, ең қуаныштысы, кәсіп­кер­лікке кең жол ашылды. Халық та осы бағытқа бет бұрып отырған сияқ­ты. Бұл өте жақсы нышан. Де­генмен мұнда да «Болашаққа бағ­­дар: ру­хани жаңғыру» ма­қа­ла­сында айтыл­ған көптеген сын­дар­лы ойлар­ды зерделеп, іштей та­­разыға са­лып, күнделікті шаруамыз­да бас­шы­лыққа, межеге алуымыз қажет. Елбасының бұл мақаласы көп ойларға жетелейді. Біз тек соның бір парасын ғана ортаға салып отырмыз.

Сәмен ҚҰЛБАРАҚ, филология ғылымдарының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры

Соңғы жаңалықтар