«Қазіргі болжамға сәйкес, теміржолмен шамамен 1 миллион 100 мың адам келсе, әуе қатынасымен 161 мың адам ұшып келеді. Автобуспен шамамен 350 мың адам келіп кетеді. Ал жеке көлікпен 200 мың адам қатынайды деген болжам бар. Жалпы, аталған үш көлік қатынасымен Астанаға күн сайын 20 мың адам келіп отырады», деді Скляр бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, алдағы уақытта жолаушыларды көптеп өткізу үшін жаңа теміржол вокзалы, әуежайдың жаңа терминалы мен екі автовокзал ашылады.
«Көрме қонақтарының басым бөлігі теміржолмен келеді. Сол себепті маусым айына дейін маршруттар 44-тен 58-ге дейін ұлғаяды. Ол үшін қосымша 14 жолаушылар пойызы іске қосылады. Соның ішінде «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған төрт пойыз бар. Бұдан бөлек, қазіргі пойыздарға қосымша 150 вагон тіркеледі. Осылайша, екі теміржол вокзалы күн сайын 47 мың жолаушыны қабылдай алады», деп атап көрсетті Роман Скляр.
Сондай-ақ, ЭКСПО көрмесі кезінде автобустардың саны да екі есеге артатын болады.