• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2017

«Профессорлар аллеясы»

133 рет
көрсетілді

Жуырда Қа­рағанды мем­лекеттік тех­ни­калық универ­ситетінің бас кор­пу­сының жанынан профессорлар аллеясы ашылды. Аталған оқу орнының негізін қа­лаушы академик Әбілқас Сағы­новтың ескерткіші маңындағы сая­бақта 35 түп қарағай отыр­ғызылды.

«Біз нақты әрекетте­рімізбен Елбасы мақа­ласын­дағы «Туған жер» идеясын қолдауды жөн көрдік. Бұл аллея – Мемлекет басшысының алға қойған мақ­саттарын жүзеге асыруға қосқан үле­сіміз, – деді университет ректоры, профессор Марат Ибатов. – Біздің профессорлар беделді ғылы­ми мектептердің негізін қа­лаушылар болып табылады, олардың әрқайсысы жүздеген жоғары білікті мамандарды даяр­лап шы­ғарған, Қазақстан индус­триясын дамытуға зор ғылыми үлес қосқан. Атаулы ағаштар – сүйік­ті қала­мызға деген құрмет және уни­вер­ситетіміздің аумағын көгал­дан­дыруға қосқан үле­сіміз».  Болашақта аллея абаттандырылып, соқпақ жолдар мен орындықтар ор­натылады деп жоспарлануда. Ағаш­­тардың саны да артады. Универ­си­тет ұжымы бұл саябақ қала тұр­ғын­да­рының көңілінен шығатынына үмітті.

Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы