• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2017

Алматыдағы Орталық мешітте терминалдар орнатылды

301 рет
көрсетілді

Алматыдағы Орталық мешітке келушілер бұдан былай өздерінің қайырымдылық төлемдерін – пітір мен садақаны электронды терминал арқылы төлей бастайды. Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты – мешітке берілетін қаржылардың қорға жариялы түрде түсуін қамтамасыз ету екен.

«Бүгінгі күні қазақстандық бес институттық реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар қоғам алдында барынша ашық болуға және есеп беруге міндетті. Қазір Алматыда ауруханалар, мектептер, балабақшалар және пәтер иелерінің кооперативтері өздерінің қаржылық есептерін жариялап, біртіндеп қала тұрғындарының сеніміне ие болуда. Міне, енді Алматы мешіті де алғашқылардың бірі болып осы бағдарламаға сай жолмен жүре бастады», деген қала әкімі Бауыржан Байбек алғашқылардың бірі болып Орталық мешіттегі терминал арқылы төлем жасады.

Алматыдағы орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек Есмағанбетов бұл технологияның бүгін пилоттық жүйеде қолданылатынын айтты. Бұрыннан қалыптасқан әдіс те қолжетімді – мешітке келген әрбір азамат әдеттегідей қайырымдылық төлемдерін ашық урналарға сала алады. Бас имам ай сайынғы жиналған қаржының жалпы сомасы мешіттің сайтында жарияланып тұратынын да айтты.

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»