• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Мамыр, 2017

Руханият ордаларына – ардақтылар есімі

299 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру туралы бағдарламалық бастамасы белсенділікпен жүзеге асырылып жатқаны ел ішін ризашылыққа бөлеуде. Бұл руханият ордаларына жергілікті танымал тұлғалардың есімін беруден де көрініс тапқаны құптарлық.

Өйткені, Елбасымыз айтқан­дай, «ұлт жадының тұғыр­намасы» өткеннің өнегесі мен болашақтың үйлесімді сабақ­тастығын көздейді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13 мамырдағы қау­лысы ақмолалықтарға да қуаныш ала келді. Ендігі уақытта Ақмола об­лыс­тық филармониясы Үкілі Ыбырай есімімен аталатын болды. Бұл руханият тағылымындағы айрықша оқиға екендігі сөзсіз. Классикалық халық музы­ка­сы­ның белгілі өкілі, әнші, композитор, суырыпсалма ақынның өшпес мұрасы ұлттық рухтың жалынын жарқырата беретіні айқын. Биылғы жыл басында 60 жылдығын атап өткен іргелі өнер ордасы Үкілі Ыбырай есімін аспандата жалаулататыны сөзсіз. Балуан Шолақ (Нұрмағамбет Баймырзаұлы) – Көкшетау, Қараөткел өңірінде өсіп, өнер ұстартқан халық компози­торы, атақты балуан, танымал тұлға ретінде қастерленеді. Осы орайда ел тілегі ескеріліп, Көк­шетаудағы «Ұлттық спорт түр­лерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мек­тебіне» Балуан Шолақ есімі бе­рілуі құптарлық. Бұл құрметті 1991 жылы «Дәстүр және өнер мектебі» ретінде құрылған білім ордасы іргелі жетістіктерімен ақтайтынына сенімдіміз. Ең бастысы, ендігі жерде ән мен жырдың ордасында Үкілі Ыбырай мен Балуан Шолақ есімі Көкшетаудың көшелеріне, мәдениет және өнер колледждеріне аттары берілген Ақан сері, Біржан салдармен қатар аталып, көңілдерді көркейтіп тұратыны ғанибет. Үкіметтің осы қаулысымен Көкшетау қаласындағы №18 орта мектепке Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Сәкен Жүнісовтің, Ақкөл ауданындағы №3 орта мектепке жазушы, қоғам қайраткері Жайық Бектұровтың есімдері берілді. Сондай-ақ, Еңбекшілдер ауданындағы Сәуле орта мектебі «Шәрәпи Әлжанов атындағы орта мектеп», Ерейментау ауда­нын­дағы Малтабар орта мек­тебі «Перуаш Кәрімұлы атын­дағы орта мектеп», Қорғал­жын ауда­нындағы Дружба орта мектебі «Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемелері болып қайта аталды.

Бақберген АМАЛБЕК, журналист Ақмола облысы