• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Мамыр, 2017

Бүгін еліміздің солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін

415 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің кей жерлерінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерінде найзағай ойнап, жауын жауады, жел күшейеді, солтүстік бөлігінде бұршақ болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Павлодар, Жамбыл, күндіз Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді.

Қостанай, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде найзағай, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.