• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 23 Мамыр, 2017

Жаңа форматты мұғалім қандай болуы керек?

961 рет
көрсетілді

Барлығымыз балалық мекенінен қанат қақтық. Ұстаздарымыз қа­­ра­пайым мұғалім ғана емес, жа­ны­мызға серік, қиялымызға қа­нат бо­ла білді. Сондықтан жүрегіміздегі құр­­мет тақтасына есім­дерін алтын әріппен жаздық. Бастауыш сы­нып мұғалімінің ұс­танымы бө­лек. Тарыдай болып мектеп табал­ды­рығын аттаған пе­ріштелерге «Бі­лім» деген қасиетті үй есігінің ал­тын құлпын мей­ірімнің күміс кіл­тімен ашып, ондағы сан мыңдаған құ­пия­лар­ды табуға себепкер болатынын ба­лаларды алғаш көргеннен-ақ түй­­сін­дім. Сол сәттен бастап «Ұстаз – ұлы есім» деген ұғымның мә­ні кеңіп са­ла берді.

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, бас­ты факторы білім екенін әркім те­рең түсінуі керек. Жастарымыз ба­сым­дық беретін межелердің қа­та­рын­да білім әрдайым бірінші орында тұ­руы шарт. Себебі, құн­ды­лықтар жүй­ес­інде біл­імді бәрінен би­ік қоятын ұлт қа­на та­бысқа жетеді», деп жазды. Елдің болашағы үшін бі­лімі мен бі­лік күші мол жастарды тәрбиелеу керек. Мұғалім қызметінің сапасы – күрделі феномен. Ұстаздар бұл сөздің мән-мағынасын ғасырлар бойы еңбегімен дәлелдеп келеді. Бұл күнде де заманауи оқытудың қыр-сырына көз жеткізіп отыр. Мемлекет те қомақты қаржы бөліп, бүгінгі бала не­ні білуі керек, ал мұғалімге нені үй­­ретуі керектігін нақтылау үшін жа­­ңа форматты ұстаздарды дай­ын­дау­ды жолға қойды.

Еркін, ынталы, сенімді, өзіндік дәлел-уәжін нанымды жеткізе бі­ле­тін, сыни көзқарасы дамыған, сан­дық технологияларға жүйрік ХХI ға­сырд­ың оқушысына білім мен тәрбие бе­ру­ге үлес қосуы тиіс жаңа форматты ұс­таз қандай болуы керек? Ең алды­мен, ол шығармашылық қабілеті же­тік, педагогикалық со­ны техноло­гия­лар­ды меңгерген, ма­ман­дық шеберлігі қа­лыптасқан тұл­ға болуы тиіс. Жаңа форматты ұс­таздың басты мақсаты – оқыту жүйес­іне замануи әдістемелерді ен­гіз­у. Орта білім беру жүйесінде әлем­дік жоғары деңгейде қол жет­кізг­ен оқыту әдістемелерінің бірі – сын­дарлы оқыту теориясына не­гіз­­делген тәсілдерді қолдану. Мә­сел­ен, өзім ұстаздық тәжірибемді сын­­дарлы оқыту теориясымен және оқу­­шылардың бұрынғы білімі мен сы­­н­ыптағы түрлі дерек көздеріне са­налатын мұғалімнен, оқулықтан, дос­тарынан алған білімімен бірге жүзеге асыру тұжырымына негіздеп, кәсіби тұрғыда жетілдірудемін. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қа­тынас білім алу мен білім берудің ара­сындағы үйлесім ретінде дамып, оқу­шы білім алушы ғана емес, соны­мен қатар, білім алу жолында өз бол­жамының ақиқатын та­нып, алған білімін басқа да дерек көз­дерімен те­рең­дете отырып, оқуды өз ең­бе­гі­нің же­місі ретінде бағалауы қа­жет. Ел­басы айтқандай, табысты бі­лім ал­ған жас ұрпақ болашақта та­бысты мем­ле­кеттің іргетасын қа­лау­ға талпынары сөзсіз. 

Оқытудың басты әрі маңызды қоз­ғалтқышы – баланың қы­зы­ғушылығы. Ерекше сүйіс­пен­ші­лік­пен оқу үшін барлық мүм­кін­дікті пай­далану керек. Қытай ойшылы Конфуций «Ескіні аялай отырып, жаңаны тани білген адам ғана на­ғыз ұстаз бола алады», дейді. За­манауи білім беру саласында ақ­па­рат­тық, желілік технологиялар саны көп­теп пайда болды, оны білім беру үде­рісінде белсенді түрде пайдалану ке­рек. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқу­шының пәнді терең түсіну қа­білетін дамыту, алған білімін сы­ныптан тыс жерде, кез келген жағ­дайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сындарлы оқыту теориясына негізделген оқытудың 7 модулін (оқыту мен оқудағы  жаңа  тәсілдер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, дарынды және талантты балаларды оқыту, оқушылардың жас ерек­шелігіне сәйкес оқыту мен оқу, оқы­ту үшін бағалау, оқуды бағалау, оқы­­ту мен оқуда ақпараттық-комму­ни­кациялық технологияларды пай­далану, оқытуды басқару және көш­басшылық) қолдану арқылы мек­теп ұстаздары оқушыларды өз­дігінен білім алуға, яғни ХХI ға­сыр­да талап етілетін  дағдыларға, алған білімін жай ғана иеленіп қой­май, оны орынды қолдана білуге үй­ретуіміз керек. Бала бойына ме­та­­сананы – қалай оқу керектігін үй­ренуді қалыптастыруға мән бере оты­р­ып, олардың тұлға ретінде жан-жақ­ты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Әрине, «бүгінгі» мен «ертеңгіні», оның тиімді-тиімсіз жақтарын мәң­гі салыстыра беруге болады. Бір­ақ еке­уін қанша екшесек те, бір нәр­се­ге салыстыру таба алмаймыз. Бұл – мұғалімнің балаға деген сүй­іс­пен­шілігі, мейірімі мен махаббаты.

Дамира РАХЫМҚҰЛОВА,  Астана қаласындағы   Ж.Жабаев атындағы  №4 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі