• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Қарағанды театры Ресейде үздік өнер көрсеткені үшін марапатталды

373 рет
көрсетілді

Қарағандының К. Станиславский атындағы орыс драма театры Йошкар-Ола қаласында (Ресей) өткен «Достық көпірі-2016» халықаралық фестивалінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат». Фестивальде қарағандылықтар австралиялық жазушы Бригитта Швайгердің «Шағын камералық пьеса» туындысының желісі бойынша қойылым ұсынды. «Бұл – театр режиссері Александра Большакованың жұмысы. Спектакльде Болшакованың өзі, актриса Гадина Турчина ойнайды», – деді театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Елена Нумерова. «Сербиялық сыншы Драган Бошковичтің төрағалығымен халықаралық әділ қазылар алқасы қойылымға баға берді. Қарағандылықтар «Жаңа нысан ізденісінде» номинациясындағы арнайы дипломмен марпатталды. Спектакль қазіргі әлемдегі әйелдің орны, билігі, әлеуметтік рөлінде адамның тұйықталуы тақырыбына арналған. Бір әйелдер қымбат көйлекпен мейрамханаларда ақшасын шашса, екіншісі аз ақшаға осы мейрамханалардың еденін жуады. Егер ақылы дәретханада мейрамханаға келуші ақшасын ұмытып кетсе, жағдайға еден жуушы кінәлі болады. Өзінің уақытша билігін ол қалай пайдаланатынын кім біледі», – делінген аңдатпада.