• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2016

Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

142 рет
көрсетілді

WBA, IBO, IBF, WBC бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) жекпе-жегі жөніндегі келіссөздер аяқсыз қалды, деп хабарлады sports.kz. WBA президенті Жилберто Мендостың мәлімдеуінше, промоутерлер берілген мерзімде кездесу туралы келісімге келе алмады. Дегенмен, қос тараптың әлі де бірнеше сағат уақыты бар. Бірақ қазірдің өзінде келісімнің 19 желтоқсанда Панама астанасындағы WBA штаб-пәтерінде өтетін промоутерлік саудада шешіледі деп толық сеніммен айтуға болады. Головкин мен Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорктегі Мэдисон Сквер Гарденде өтуі мүмкін. Тартысты айқасты HBO телеарнасы көрсетеді. Егер саудаласу барысында Джейкобс тарабы жеңер болса, кездесу уақытын, өтетін орнын өзгертуге, тіпті мүлдем болдырмауға құқылы болады. Мәселенің баәрі Головкиннің келісімшартында HBO-ның басты қарсыласы Showtime телеарнасына шыға алмайтындығында болып тұр.