• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2016

Стойлов: «Янг Бойзға» қарсы тыңғылықты дайындалдық

171 рет
көрсетілді

«Астана» командасының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов клубтың ресми сайтында Швейцарияның «Янг Бойз» клубына қарсы ойын жайлы өз пікірін білдірді. Жылдың соңғы ойыны болса да тек жеңісті ғана мақсат еткен Стойлов: «Қазақстан чемпионаты аяқталғандықтан біз дәл осы кездесуге тыңғылықты дайындалдық. Биылғы маусымда біз өздеріңіз білетіндей тек алтындармен аяқтадық. Ал енді жылдың соңғы ойынын Швейцарияда сәтті аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл матчтың бізге ешқандай пайда әпермейтіндігіне қарамастан, ойыншыларымның кәсібилігіне сенім артып отырмын», – деді. Осы ретте бапкер швейцариялық команданың негізгі құрамында ойнайтын алты бірдей футболшының жарақат алуына қатысты да өз ойын білдірген. Бұл туралы: «Янг Бойздың» маңызды ойыншылары жетерлік. Алаңға шыға алмайтындарын қосалқы құрамдағылары алмастырады деп ойлаймын», – деді Стойлов. Өздеріңіз білетіндей, тек швейцар командасының ғана емес, «Астананың» да жарақат алған футболшылары бар. «Капитанымыз Таңат Нөсербаев келе алмады. Ол жақын күндері көзіне ота жасатуы тиіс. Сонымен қатар, жарақатынан толық айықпаған Агим Ибрагим де тізімге енбеді», – деді жаттықтырушы. Осы уақытқа дейін «Янг Бойз» жаттықтырушысы Ади Хюттер шабуылға көбірек көңіл бөлетінін айтқан. Бұл кездесуге сіз нені жоспарладыңыз деген сұраққа:  "Біз де кез келген команда сияқты жеңіске жеткізіміз келеді. Бұл матчта қандай нәтиже тіркелсе де плей-офф кезеңіне өте алмайтынымыз белегілі, әйтсе де УЕФА рейтингінде маңызды ұпайларға қол жеткізе аламыз. Бұл келер жылғы жеребеде бізге септігін тигізері анық", – деп қорытындылады болгариялық маман. Айта кетейік, Еуропа лигасының B тобындағы соңғы ойын желтоқсанның 8-нен 9-на қараған түні Швейцарияның Берн қаласында өтеді. Қос команда да плей-офф кезеңіне жолдама алатын мүмкіндіктерінен айырылған.