• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2016

Ақтөбе облысы Қос-Естек ауылына газ берілді

391 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы 2 мыңнан аса тұрғыны бар Қос-Естек ауылына көгілдір отын тартылды. Газды іске қосу шарасына облыс әкімінің орынбасары Бексары Жаңабай, «Қаз Транс Газ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиал директоры Аманжол Тажғалиев, аудан әкімі Рахат Сыдықов қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Б.Жаңабай ауыл тұрғындарын көгілдір отынның игілігін көрер сәтті күндерімен құттықтап, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан 4 отбасына, сандай-ақ ауылдағы «Момын- Ата» мешітіне газ желілерін тегін тарту үшін көмектік Сертификаттарын табыстады. «Қаз Транс  Газ» басшысы Аманжол Тажғалиев биылғы жыл қазақстандықтар үшін аса маңызды екеніне тоқталып, соның ішінде көгілдір отынмен ауылдықтарды қамту Елбасының тапсырмасы екенін айтты. Қуанышты сәтті қарсы алған Сағынтай Даулетов ауылдастарын қуаныштарымен құттықтап, басшы қауымға алғысын жеткізді.  Облыс әкімінің орынбасары Бексары Жанбай мен ауыл ақсақалы Сағындық Даулетов газ құбырын іске қосты. Бақыт Имашев, Ақтөбе облысы.