• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2016

Құзіретті орган интернет саудасында сақ болуға шақырады

155 рет
көрсетілді

Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне электрондық сауда кезіндегі алаяқтыққа қатысты көптеген шағымдар келіп түсетінін және интернет желісінде жосықсыз саудагерлерге қатысты көптеген теріс пікірлер бар екендігін тұтынушылардың назарына жеткіземіз, деп хабарлайды аталған комитеттің интернет ресурсы. Электронды қызметті қолданатын тұтынушылардың шағымдарына сәйкес аталған субъектілер қолдануға жарамсыз, мәлімделген талаптарға, сондай-ақ моделі, өндірушісі сәйкес келмейтін сапасыз және жалған тауарларды өткізеді, сонымен қатар сатушымен ешқандай кері байланыс жоқ. Комитет интернет желісінде субъектілердің атауы мен сатушының (дайындаушы, орындаушы) орналасқан жері (заңды мекен-жайы) туралы ақпарат жоқ интернет сайттарында тауарларды сатып алмауды сұрайды. Сонымен қатар интернет желісінде тауар сатып алу кезінде өте сақ болу керектігін ескертеді. Қазіргі уақытта Комитет аталған бағытта шаралар қабылдау бойынша тиісті жұмыс жүргізуде.