• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2016

Ұлттық қор қаражатын пайдалану тұжырымдамасын Елбасы қарайды

220 рет
көрсетілді

Үкімет ҚР Президентінің қарауына Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды қалыптастыру бойынша жаңа тұжырымдама енгізді. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҰКП Президиумының отырысында хабарлады. «Әлемдегі жағдай күрделі екені баршаға белгілі. Мұны көріп отырмыз. Барлығы ақша тек Ұлттық қордан келеді, басқа тиын жоқ деді. Егер біз тек осы бағытта әрекет етсек, онда Ұлттық қорда түк те қалмайды. Біздің Ұлттық қор жайлы тілегіміз мұнайдың барреліне 100-115 доллар болған кездегідей қалып қойған. Бүгінгі мұнайдың бағасы мүлдем басқаша. Біз Ұлттық қордың қаражатын мұнайдың бағасы барреліне 100 доллар жағдайында өмір сүріп жатқандай пайдаланғымыз келеді. Сондықтан біз Мемлекет басшысына Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды қалыптастырудың жаңа тұжырымдамасын енгіздік. Президент тұжырымдаманы мақұлдады. Тиісті шешімдер бар. Келесі жылдан бастап Ұлттық қордың қаражатын басқаша пайдаланатын боламыз», - деді Сағынтаев.    
Соңғы жаңалықтар