• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2016

Елімізде тұңғыш рет егіздер айтысты

642 рет
көрсетілді

Сан ғасырлық тарихы бар айтыс өнерінде тұғыш рет егіздер айтысты. Астанадағы №51 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өткен мерекелік шарада Сарыбай Ерасыл мен Бекасыл айтысып, ұлттық өнерімізді дәріптеді.

Алғаш рет мектеп сахнасында тұсауы кесіліп, айтыс өнеріне қанат қаққаған оқушыларға айтыскер ақын Балғынбек Имашев батасын берді. «Мен айтысты көп зерттедім. Тарихқа көз жүгіртсек, әке мен бала, атасы мен келіні, ағасы мен інісі, туыстық қатынастағы адамдардың айтысы бар. Ал анасының құрсағынан егіз болып туылған жандардың айтысын бірінші рет көріп тұрмын. Егер бұл балалар ұлттық өнерімізді қастерлеп, домбыраны қолдарынан тастамай айтысқа бет бұрса, тарихтағы тұңғыш айтысқан егіздер болып қалады», – деді ол. Сонымен қатар, Балғынбек Имашев жас айтыскерлерге батасын еріп, екеуінен үлкен үміт күтетінін жеткізді. Сондай-ақ, мерекелік шарада театр және кино саласындағы танымал актерлер Досымхан Бейсенбаев пен Әділ Ахметов ұстаздар мен оқушыларға өнер саласындағы жетістіктер мен еліміздің дамуы аясында мағыналы сөздер айтып, көрерменнің сауалдарына жауап берді. «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Сондықтан да сендер жақсы азамат болып қалыптасуларың үшін білімге ден қойыңдар. Болашақтың кілті білімде. Осы бастан ілім-білімді терең меңгерсеңдер, қазақ елінің қарыштап дамуына сүбелі үлес қосатын азамат болып шығасыңдар. Білім сендердің өмірлік азықтарың», – деді Әділ Ахметов. Шара барысында оқушылар қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Мектеп директоры Күнімхан Дүйсенова келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Талғат РАЙЫМБЕК, "Егемен Қазақстан".  
Соңғы жаңалықтар