Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның халықаралық "Зовы Урала -2013", "Жұбанов көктемі" фестивальдерінің лауреаты «Достық сазы» фольклорлық ансамблі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және құрылғанына 5 жыл толуына арнап «Тәуелсіздік - тірегім» атты концерт бағдарлама ұсынды.

Өнер ұжымының көркемдік жетекшісі - ҚР мәдениет саласынын үздігі Бақытбек Зейнелов. Ансамбль репертуары өте бай. Халық композиторларының күйлері мен әндері, қазақ, орыс және шетел композиторларының шығармалары да бар. Ансамбль мерекелік бағдарламаның шымылдығын Мырзаның «Ілме» күйімен ашты. Ансамбль әншілері Н.Әбдібеков пен Д.Шынарбаеваның орындауындағы «Арнау», «Сыпыра жырау термесі», «Ақбұлақ» әндері көрермен көңілінен шықты. Ансамбль бұдан басқа «Серпін», «Грузин халық әуендері», «Тәжік билерінен попурри», «Жібек жетісу» және басқа музыкалық шығармалар орындады. Сонымен қатар концертте филармония әншілері Ж.Нұрқасымова, П.Қалуова өнер көрсетті.
Сатыпалды СӘУІРБАЕВ,
"Егемен Қазақстан". Ақтөбе.